05-09.02.2021жыл. аралығында мектебімізде Атырау ПШО-сының аға менеджері Мұқтар Мырзақуатұлының "Сабақтағы тиімді жоспарлау"біліктілікті арттыру онлайн курсына мұғалімдеріміз қатысып,педагогикалық шеберліктерін арттырды.
Курс барысында қысқа мерзімді жоспарлау кезінде "Нені басшылыққа алу қажет?"деген сұрақтарымызға білікті маман Мұқтар Мырзақуатұлынан толық жауап алды.
" Білім алушыларға қолдау көрсету қалай жоспарланады?қабілетті білім алушылардың алдына қандай міндеттер қою жоспарлануда? білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады?"деген сұрақтарды қоя отырып, мұғалімдер сабаққа белсенді қатысты.
Курстан алған білімнің нәтижесі мектебімізде жүріп жатқан "Бастау.Тәжірибе.Нәтиже"жобасының тәжірибелік кезеңіндегі мұғалімдердің панорамалық сабақтар байқауынан көрінді. "Мұғалімнің әр сабағы-шабыт алаңы",аталған біліктілікті арттыру курсы мұғалімдеріміздің жаңа шабытқа,жаңа идеяға жетеледі. Оқушыны білімге қызықтырып,өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім,биік парасаттылық,талмас еңбекқорлық,таза ниет керек.Сол қасиеттің қалыптасуына Мұқтар Мырзақуатұлынан алған біліміміздің қосар үлесі мол.






