Skip to content

📆1 сыныпқа қабылдау Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар, ағымдағы жылғы 1…

📆1 сыныпқа қабылдау

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 2025-2026 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталады!
ҚР БжҒМ-ң 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес, бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.
1-сыныпқа осы жылы 6 жастағы және 6 жасқа толатын балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Бұл – мемлекеттік қызмет көрсету нысаны болып табылады.
Ата-ана алдын-ала мектепті белгілеп, egov.kz wеb порталы арқылы өз өтініштерін тапсыра алады.
Қажет құжаттар тізімі:
• Ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
• баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• 065-у нысанындағы денсаулық, жағдайы туралы анықтама;
• 052-2/у нысаны бойынша денсаулық паспорты;
• 3х4 көлеміндегі фотосуреттің (2 данасы);
• қажеттілігіне қарай ПМПК тұжырымдамасы (ерекше білімді қажет ететін балалар үшін).
Өтінішті үй жағдайында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мектептерде орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тапсыруға болады.
Гимназиялар мен лицейлерге қабылдау тәртібі:
Биылғы жылғы 1 сыныпқа қабылдаудың басты ерекшілігі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөнінде 2024 жылғы 23 ақпанында қабылданған заңға сәйкес, лицейлер мен гимназияларға қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар дайындық деңгейлеріне қарамастан тең мүмкіндікке ие болады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты 1 сынып оқушыларына психологиялық қысымды азайтуға бағытталған.
Гимназиялар мен лицей сыныптарына өтініш беру 1 сәуірден бастап сынып толымдылығы қалыптасқанға дейін жүзеге асырылады. Сондықтан, орын саны шектеулі болғандықтан, балаларын гимназиялар мен лицей сыныптарына беруді жоспарлаған ата-аналар, 1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметті алуға кеңес береміз.
Қосымша сұрақтар бойынша +7702 500 1514 номеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@munaily_bilim

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *