Skip to content

№12 жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 17 наурызында аз…

№12 жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 17 наурызында аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету мақсатында «Қайырымдылық » атты акция өткізілді. Қайырымдылық -халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адамдар бір-біріне қайырымдылық мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Қайырымдылық жасау мақсатында берілген ақшаны жинақтауға арнайы қорап жасалынды. Әркез жүрегі кең, пейілі ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұратын мектебіміздің ұстаздары мен қызметкерлерімізден жиналған қаржыға аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан оқушыларға азық-түлік берілді. Арнайы дайындалып салынған оқу құралдарын ұстаздарымыз балаларға табыстады. Қайырымдылық акциясына қол ұшын беруге ат салысып демеушілік көрсеткен ұстаздарымызға және кіші қызметкерлерімізге алғысымыз шексіз.
@munaily_bilim
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@munaily_adistemelik
@mangystau_obl_adistemelik
#біртұтастәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *