Skip to content

15.05.2025. күні мектебімізде «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарына қабылдау салтанатты…

15.05.2025. күні мектебімізде «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Ұйымның негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ұйым қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Ұйымға қабылданушы оқушылар ҚР патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтай отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Сайдова «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарына қабылданған оқушыларды құттықтай отырып, еліміздің туын биік ұстар жастар қатарынан табылатындарына сенім білдірді. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» әнұранымен аяқталды.

@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@munaily_bilim

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *