Skip to content

2021жылдың 11 – наурыз күні мектеп пен жоғары оқу орындарының…

2021жылдың 11 – наурыз күні мектеп пен жоғары оқу орындарының сабақтастығы негізінде №12 жалпы білім беретін мектебі мен Yessenov university-нің 2021-2023 жылдарға арналған мектептердің білім сапасын көтеруге бағытталған біріккен кешенді жобасына сәйкес, аймақтық білім беру мәселелері бойынша білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерге ынталандыру, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, ата-аналармен тұрақты байланыс орнату мақсатында «Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту» басқарма басшысы А.Тұрдыбек және мамандардың қатысуымен 11 сынып бітіруші мектеп түлектерімен кездесу болып өтті.
Кездесу барысында жоба мақсаты мен міндеттері таныстырылды және «Есенов» фестивалі аясында өтетін олимпиаданың орындалу барысы мен жеңімпаздарға арналған жеңілдіктер туралы баяндалды.
Мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауға бағыт-бағдар беріліп, «Есенов» фестивалі аясында өтетін 9-11 сынып оқушыларына арналған «Жас кәсіпкер» стартап жобалар байқауы мен жеңімпаздарға арналған жүлделер туралы айтылды.
Сонымен қатар, «Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту» басқармасына қарасты тәлімгерлік мектептің қажеттілігі мен интеллектуалды оқушыларды дамыту жобалары атап өтілді. Кездесу барысында мектеп түлектерімен қызықты мамандыктар әлеміне ойындар, тренингтер өткізіліп, Тоқымбетова Мөлдір, Бектурсынов Рамазан, Досмұрат Айдария, т.б.окушыларымыз белсенділік танытып, ағылшын және қазақ тілдерінде өз білімдерін ортаға сала білді. Болашағы зор аталған жоба аясында мектебіміздің 10- сынып окушылары ұлттық бірыңғай тестіге дайындалуда және олимпиада резервтері университет профессорларымен дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *