2025 жылдың 19 қарашасында дене шынықтыру апталығы шеңберінде мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімі, педагог-сарапшы Сисенов Қанат Избергенович жетекшілігімен ашық сабақ өтті. Сабақ «Волейбол. Шабуылда ойнау тактикасы» тақырыбында ұйымдастырылып, оқушылардың ойын барысында дұрыс тактикалық әрекет қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Педагог сабақ кезінде шабуылдау техникасының негізгі элементтерін, ойыншылардың өзара үйлесімділігін және алаңда тиімді орын таңдау стратегияларын жан-жақты түсіндіріп, тәжірибеде меңгертуге мүмкіндік жасады.
