26.02.2025ж күні «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында арнайы емхана қызметкерлері келіп, мектеп психологтары және мектеп медбикелердің қатысуымен 7-11 сынып қыздарымен кездесу өтті. Кездесуге оқытушылар және оқушылар қатысты. Мектеп психологтарымен "Қыз бой жетсе" тақырыбында тренинг жүргізілді. Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар – намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.
@munaily_bilim
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@munaily_adistemelik
@mangystau_obl_adistemelik


