Skip to content

Әбілахат Ысмағұлұлы Есбаев 25.11.1925, Қостанай облысы Амангелді ауданында дүниеге келген.…

Әбілахат Ысмағұлұлы Есбаев 25.11.1925, Қостанай облысы Амангелді ауданында дүниеге келген.
Ұлы Отан соғысына қатысқан.1951 — 1953 жылдары Алматы консерваториясының композиторлық факультетінде оқыды. 1953 жылдан Қазақ радиосында музыкалық редактор болды. Әбілахат Есбаев негізінен, ән жанрында (ән, романс, хор, баллада) шығармалар жазды. Ең алғашқы туындысы — “Туған ел” әні (1942). Оның “Маржан қыз”, “Жастар мерекесі”, “Шофер келді қырманға”, “Әлі есімде”, “Жайық қызы”, “Қыз қуу”, “Жылқышы”, “Ортеке”, “Ұстазым”, “Бейбітшілік сақталады”, “Аққуым”, “Ақ сәуле”, “Қайдасыңдар, достарым”, “Орамал”, “Сағыныш екен бала кез”, т.б. әндері халық арасына кең тараған.
#birtutas_tarbie_munaily
#munaily_bilim
#біртұтас_тәрбие
#mangystau_obl_bilim_baskarmasy

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *