ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті ұстаздар және жас мамандар!
Мұнайлы ауданы бойынша “№12 жалпы білім беретін мектеп” КММ-сі 2024-2025 оқу жылына бос және уақытша бос орындарға оқытудың озық технологияларын меңгерген, бастаған ісінің нәтижесін көрсете алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті біліммен қаруланған пән мұғалімдеріне және жас мамандарына төмендегі бірліктер бойынша педагог кадрлардың конкурсын жариялайды:
o Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
o Тарих пәні – 16 сағат (уақытша бос орын) – орыс сыныптары үшін
o Информатика пәні – 16 сағат (уақытша бос орын) – орыс сыныптары үшін
o Математика пәні – 16 сағат (уақытша бос орын) – орыс сыныптары үшін
o Химия пәні – 16 сағат (уақытша бос орын) – орыс сыныптары үшін
o Математика пәні – 16 сағат (уақытша бос орын) – қазақ сыныптары үшін
Конкурсқа құжаттарды 17.03.2025 ж. 🕙 18:00 ге дейін қабылданады.
Өтетін орны: Атамекен ауылы, “№12 жалпы білім беретін мектеп” КММ-сі
Ескерту: Еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаздар портфолиосын ұсына алады.
#бізбіргеміз
#12мектеп
#qazaqstan30



