Жасөспірімдер арасындағы зорлық –зомбылықтың алдын алу, өз-өзіне баға беруге тәрбиелеу, сенімді мінез –құлықты дамыту мақсатында Мұнайлы ауданы МСАКО Атамекен -1 психологі Орынбасарова Қарлығаш Еркінқызы 9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, жасөспірімнің адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы кеңінен айтылып, оқушылар да көкейінде жүрген сұрақтарына психолог маманнан жауаптарын алды.
