14.11.2024ж. күні мәдениет және ақпарат министрлігі дін істері комитетінің жобасы аясында діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру үшін 10-11 сынып оқушыларына арналған кездесу семинары ұйымдастырылды. Кездесуде арнайы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, тәжірибелі тарихшы, дінтанушы, философия ғылымдарының PhD докторы, Жарас Ақан оқушыларға
жат ағым өкілдерін анықтау жолдары, діннің адам өміріндегі маңызы, діни ақпараттың расталғандығын білу нұсқалары туралы кеңінен түсінік берді. Одан бөлек тәжірибе барысындағы жат ағым етегінде кеткен жастардың көрсеткіші жайында сөз қозғалды.
