13 мамыр күні Мұнайлы АПБ ЖПҚб бастығы полиция майоры М. Курунбаев Мұнайлы АПБ ЖПҚб бастығының орынбасары Полиция майоры А.Қонысбек ,Мұнайлы АПБ криминалды полиция бөлімшесінің Аға жедел уәкілі Полиция капитаны М. Қалабаев және аудандық білім бөлімінің бас маманы Ш.Жасановамен бірлесіп 8 сынып оқушыларына кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың ,суицидтің,буллингтің және кбербуллингтің алдын алу болдырмау мақсатында жиналыс өткізілді.
Мақсаты: Білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
#birtutas_tarbie
#birtutas_tarbie_munaily
#munaily_bilim
#mangystau_obl_bilim_baskarmasy
#munaily_polisia_bolimi
