Skip to content

«Жас түлек – 2025» 🌹 Бүгін мектебімізде ерекше әрі толқынысты…

«Жас түлек – 2025» 🌹

Бүгін мектебімізде ерекше әрі толқынысты сәт өтті . 11-сынып түлектерінің “Мектебім,саған мың алғыс!” атты мектеп бітіру кеші ұйымдастырылды. Бұл – мектеппен қоштасу, балалықпен қоштасу, үлкен өмірге қадам басу мерекесі.

Мектеп өмірі – жүректегі естелік.Жаңа өмір жолына шыққан түлектерге — ашық аспан, жарқын болашақ пен сәттілік тілейміз!

Құрметті Жас түлектер! Үлкен өмірге қанат қағып барасыздар. Қанаттарың талмасын, биіктерге шырқаңыздар! Жоғары оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітіруіңізге тілектеспіз. Таңдаған мамандығыңыздың мықты маманы, кәсіпқойы болыңыздар! Мектеп өмірі артта қалды, алдыңызда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте беруіңізді тілейміз!
#жастүлек2025
@munaily_adistemelik @munaily_bilim

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *