Мұнайлы ауданы №12 мектеп жанындағы «Атамекен» жазғы сауықтыру лагерінің 1-ші кезеңіне құжаттар жиналуда!
Құжаттар тізбесі:
1. Медициналық анықтама 071 ( ең алдымен мектептен келіп алып кетесіз )
2. Ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмесі және түпнұсқасы (түпнұсқа сәйкестендіру үшін қажет)
3. Балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі
4. Неке куәлігінің көшірмесі (ажырасқан болса, неке бұзу, қайтыс болса, қайтыс болу куәлік, ф4 болса, растайтын құжат)
5. Ата-анасының жұмыс орнынан қаңтар-мамыраралық айлық көрсеткіш анықтамалары (түпнұсқа болуы шарт)
6. Мемлекет тарапынан алатын жәрдемақының(көп балалы, мүгедек, асыраушысынан айырылған т.с.с) 2025ж. Қаңтар айынан бастап өтініш тапсырған күнге дейінгі айлық көрсеткіш анықтамалары (түпнұсқа болуы шарт)
7. Жұмыссыз болса, растайтын анықтама (0 доход)
8. АӘК/АСП алатын болса, растайтын анықтама
9. Үздік оқушылар үшін мақтау қағазы (көшірмесі)
10. 1 дана файл
ЕСКЕРТУ: Әр санаттағы отбасылардың айлық табысы жанбасына шаққанда 61 956 теңгеден аспауы керек! (Үздік оқушыларға есептелмейді)
Құжаттар: №12 ом әлеуметтік педагог кабинетіне, жұмыс күндері 9:00 ден 17:00 дейін.
