Құрметті 10- сынып оқушылары!Сіздерді тарих-құқық пәндері апталығының жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отырған "Маңғыстау – ашық аспан астындағы мұражай" тақырыбындағы бейнеролик байқауына шақырамыз!
Байқаудың мақсаты: Туған өлкеміздің қасиеті мен киесі дарыған рухани, мәдени мұраларын зерттеп зерделеу және одан тағлым алу, туған жерге деген патриоттық сезімді ояту.
Байқаудың шарттары:
1.Таңдаған тақырыбыңыз туралы тың деректер беру.
2.Сөйлеу мәдениетін сақтау.
3. Уақыт 3 минуттан аспау керек.
4. Әр сынып бейнероликті өз инстаграмм парақшаңызға салып @munaily_12mektep парақшасын белгілеп кету керек.
5. Мерзімі 9-желтоқсан күні сағат 17.00 ге дейін.
