Бүгін лагерімізде ерекше әрі қызықты күн өтті! Оқушылар ойын сауықтыру орталығына барып қайтты.
Оқушылар әр түрлі атракциондарға мініп, қозғалыс ойындарын ойнап, уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізді. Бұл шара балаларды сергітіп, зейінін арттыруға зор ықпал етті.
Бүгінгі күн – шығармашылық пен сергектіктің, көңілді сәттердің күні болды! Себебі Лагерь сұлтаны-2025 сайысына әр топтан сері жігіттер қатысып, өнер, күш, біліммен сынасты.
