«Жазғы шуақ пен теңіз тынысы» күні
Бұл күн таза ауада белсенді демалуға арналды. Балалар тәрбиешілер және жетекшілермен бірге теңіз жағасына барып, түрлі спорттық жарыстар мен эстафеталық ойындарға қатысты. «Жазғы шуақ пен теңіз тынысы» тақырыбындағы қимылды ойындар балалардың сергіп, жағымды эмоция алуына сеп болды. Күннің жартысында топтар арасында футбол ойыны өтті.
