“Атамекен”лагерінің ІІІ кезеңінің алғашқы күні лагерьде балалардың өмірлік қауіпсіздік дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Таңертең балалар тәрбиелік мәні бар анимациялық фильм тамашалау үшін кинотеатрға барды. Көрсетілім аяқталған соң тәрбиешілер балалармен көргендері туралы пікір алмасып, жақсы мен жаманды ажырату, дұрыс шешім қабылдау жайында сұхбат жүргізді.
Содан кейін «Қауіпсіздік – бірінші орында!» атты интерактивті түсіндірме сабағы ұйымдастырылып, балалармен тұрмыста, табиғатта, суда, көшеде кездесетін қауіпсіздік ережелері қайталанды. Балалар өз ойларын ортаға салып, жағдаяттар бойынша жауап беріп отырды.
Кешке «Жаз – қызықпен қуаныштың бастауы» атты лагерьдің ресми ашылу салтанаты өтті. Топтар шеруімен басталған мерекелік кеш әр топтың өзіндік өнерін паш етуімен жалғасты. Салтанат соңында балалар лагерьдің алдағы қызықты күндерін асыға күтетінін айтып, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.
