Лагердің соңғы күнінде жабылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Балалар өткен күндерге шолу жасап, өздерінің алған әсерлері мен білімдері туралы «Қызықты өткен күндеріме мың алғыс» тақырыбында пікір хаттарын жазды. Бұл шара балалар мен ұйымдастырушылар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтып, лагерьдегі уақыттың маңыздылығы мен тиімділігін тағы да дәлелдеді. Барлық қатысушылар алдағы уақытта да осындай шараларда кездесуге ниет білдірді.
