«Мектепке жол» акциясы аясындағы жұмыс есебі
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылғы 1–30 тамыз аралығында орта біліммен толық қамтуды қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілді.
Осыған сәйкес, 2025–2026 оқу жылына арналған «Жақсылық жаса!» ұранымен аталған акция біздің мектебімізде жалғасын тапты. Арнайы хабарландырулар ілініп, түрлі мекемелерге ресми хаттар жолданды.
Акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға оқу жылына дайындық кезеңінде материалдық көмек көрсету, сонымен қатар әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармай қалуын болдырмау.
Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалғанда оқушыларымызға демеушілік жасаған, қайрымды іске ат салысқандарға ата-аналар тарапынан ризашылық білдіріліп, алғыс пен ізгі тілектер айтылды.
