Оқушыларды мектепке тасымалдау қызметінің сапасын бақылау мақсатында бүгін Марат Сулейманов Мұнайлы ауданының «№12 жалпы білім беретін мектебіне» барып, мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында:
-Оқушыларды тасымалдау кестесінің сақталуы,
-Қауіпсіздік талаптарының орындалуы,
-Автокөліктердің техникалық жағдайы
тексерілді.
Бұл жұмыс – оқушылардың мектепке қауіпсіз әрі уақытылы жетуін қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде жүргізілетін бақылаудың бір бөлігі.
