“Атамекен” лагері жоспары аясында «Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі» атты таза ауада спорттық және қимыл-қозғалыс ойындары ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, дене белсенділігін арттыру, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтының маңыздылығын насихаттау болды.
Іс-шара барысында лагерьдің әртүрлі жас топтарындағы демалушылар белсене қатысты. Балалар ашық аспан астында ұйымдастырылған әртүрлі спорттық және қозғалыс ойындарына үлкен қызығушылық танытты. Атап айтқанда, эстафеталық жарыстар, «Кім жылдам?», доппен секіру, жылдамдыққа есеп шығарып жарысу сынды қызықты әрі пайдалы ойын түрлері өткізілді. Бұл ойындар балалардың ептілігін, шапшаңдығын, төзімділігін және топпен жұмыс істеу қабілетін дамытуға бағытталды.
Балалар бір-бірін қолдап, ынтымақтаса әрекет етіп, жарысқа ерекше көтеріңкі көңіл-күймен қатысты. Әр ойыннан кейін әділқазылар алқасы қатысушыларды бағалап, марапаттады.
