Skip to content

“АТАМЕКЕН” ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ ЖАБЫЛУЫ Мәдени тәрбиелік шарамен лагерьдің жабылу…

“АТАМЕКЕН” ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ ЖАБЫЛУЫ
Мәдени тәрбиелік шарамен лагерьдің жабылу салтанатты жиыны ұйымдастырылды. Шараның мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру және өз-өзіне деген сенімін нығайту болды.
Іс-шара барысында балалар ән айтып, би билеп, көркем сөз оқып, түрлі сахналық қойылымдар көрсетті. Олардың өнерге деген ықыласы, талпынысы жоғары деңгейде байқалды. Әсіресе, акробатикамен өнер көрсеткен қатысушылар ерекше көзге түсті.
Шара соңында үздік өнерпаздарға арнайы марапаттар мен номинациялар табысталды. Жалпы іс-шара ұйымшылдықпен, жоғары көңіл-күймен өтті. Қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, жағымды әсер алды. Жазғы лагерь балалар үшін рухани серпіліс беріп, болашақта өнерге қызығушылығын арттыра түсті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *