Балалардың қыс мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды, себебі ауа райының қолайсыздығы, мұз, қар және төмен температура түрлі қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
-Жаяу жүргенде сырғанауға қарсы табаны бар аяқ киім киіңіз.
– Мұзды немесе қар басқан жолдарда абайлап жүріңіз, кенеттен қозғалыс жасамаңыз.
– Қар мен мұз басқан жолда көлікті баяу жүргізіңіз, кенеттен тежеуден аулақ болыңыз.
– Қарлы боран немесе көктайғақ кезінде алыс жолға шықпауға тырысыңыз.
– Жылы әрі көп қабатты киім киіңіз.
– Бет, қол және құлақ сияқты ашық жерлерді жылы ұстаңыз.
– Ұзақ уақыт далада болудан аулақ болыңыз.
– Мұздың қалыңдығын тексермей, мұз үстімен жүрмеңіз.
– Балаларды мұз үстіне жалғыз жібермеңіз.
– Суық тигенде немесе үсік шалғанда дереу дәрігерге қаралыңыз.
– Иммунитетті нығайту үшін дәрумендер қолданыңыз және дұрыс
тамақтаныңыз.
– Қар немесе боран кезінде үйден шықпауға тырысыңыз.
Осы ережелерді сақтай отырып, қыс мезгіліндегі қауіпті жағдайлардың алдын алуға болады.
Қауіпсіздік әрқашан бірінші орында болуы керек!
#қауіпсіздік
#қауіпсіздікережелерінсақтайық

