Қайырлы күн! Мен Сарсенбаев Нұрқуат 12-мектептің алтыншы бітіруші түлегімін. Таңдау пәнім физ-мат яғни, физика-математика. Мен болашақта ақпараттық технология саласы бойынша маман иесі болғым келеді. Себебі, мен кішкентай кезімнен телефон, компьютер, ноутбук тағыда басқа заттарға қызығамын және өзім әртүрлі ақпараттық бағдарламаларды қолданамын. Ақпараттық технология көмегімен байланыс нашар елді мекендерді жақсы жағдайға жеткізгім келеді.
Ал, өзімнен кейінгі түлектерге айтарым, әлі 1 жыл уақыт бар деп жүрмей дайындықты қазірден бастаңдар! Себебі уақыт көзді ашып-жұмғанша өте шығады. Бұл жағдай өз басымнан өткен. Қазір дайындалсаң ертең жоғары ұпай алуың ғажап емес. Ең бастысы барлығы өз қолыңда екенін ұмытпа! @_sarsenbaev.n_

