«Келді міне, жайдарлы жаз!»
Бұл күн спорттық белсенділікке арналды. Таңертеңгілік «Келді міне, жайдарлы жаз! Балақай, сен бойыңды жаз!» атты теңіз жағалауында спорттық жарыс ұйымдастырылып, балалар түрлі жарыстар мен командалық ойындарға қатысты. Салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, белсенділік пен жарыс рухы ерекше байқалды.
Түстен кейін «Лагерь аруы – 2025» байқауы өтті. Байқауға қатысушы қыздар өз өнерлерін көрсетіп, сұрақтарға жауап беріп, сәндік көріністерін ұсынды. Байқау балалардың өзіндік тұлғасын көрсетуіне, сенімділік қалыптастыруға және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді. Шығармашылық кеш өте жоғары деңгейде өтті, ал балалар тамаша әсермен тарасты.
