Қуанышты жаңалық!
Орыс тілі пәні мұғалімі Арсланбаев Айбек Айтбаевич облыстық «Үздік педагог – 2025» байқауына қатысып, «Үздік цифрлық технологияларды қолданушы» номинациясын жеңіп алды.
Бұл жетістігі ұстазымыздың еңбегінің жемісі ғана емес, сонымен бірге шәкірт тәрбиелеудегі ізденісі мен жаңашылдығының дәлелі.
Сонымен қатар, Алматы қаласындағы «Көктем» шипажайына жолдамаға ие болды.
Ұжым атынан құттықтай отырып, жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектеспіз! 👏👏👏 @munaily_bilim @mangystau_obl_bilim_baskarmasy


