Лагерь демалушылары жоспарға сай “Туған елімнің тарихын білемін” шара аясында Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейіне саяхатқа барды. Облыстық музей қызметкерлері өлке тарихынан сыр шертетін рухани-мәдени құндылықтарды, өңірдің баға жетпес байлығы-асыл мұралары мен танымал тұлғалары туралы деректермен таныстырып, мұражайда ежелгі дәуірден бастап, осы күнгі кезеңдегі түрлі экспонаттарды көрсетті. Облыстық музейде Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған, Қазіргі Қазақстан, Тарих, Археология, Мұнай өндірісі, Ақтау қаласы және Қазақстан халқы ассамблеясының тарихы экспозициялық залдары, сонымен қатар «Этнография» және «Маңғыстаудың түз тағылары», «Тетис құпиялары» көрме залдарын демалушыларымыз тамашалады.
