Skip to content

Лагерімізде “Су патшасы – Нептун» және пародия күні. Бүгінгі күнді…

Лагерімізде “Су патшасы – Нептун» және пародия күні.
Бүгінгі күнді лагерь тәрбиеленушілері ерекше қуанышпен өткізді. Таңғы уақытта балалар бассейнге барып, «Су патшасы – Нептун» атты ойын-сауық іс-шарасына қатысты. Балалар үшін арнайы дайындалған сценарий бойынша су патшалығының кейіпкерлері шығып, түрлі қызықты тапсырмалар мен ойындар ұйымдастырылды. Су қауіпсіздігі туралы түсіндірме жүргізіліп, судағы жаттығулар мен жарыстар өткізілді.
Кешкісін лагерь сахнасында «MEGA STAR SHOW» атты өнер жұлдыздарына пародия жасау сайысы өткізілді. Балалар өз топтарымен түрлі танымал әншілердің, актерлердің образдарын келтіріп, ерекше костюмдер мен қойылымдар арқылы өнер көрсетті. Бұл кеш балалардың актерлік шеберлігін, сахнада өзін-өзі еркін ұстау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен ықпал етті. Қызықты қойылымдар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *