Skip to content

Мектеп пен жоғары оқу орындарының сабақтастығы негізінде №12 жалпы білім…

Мектеп пен жоғары оқу орындарының сабақтастығы негізінде
№12 жалпы білім беретін мектебі мен Yessenov university-нің 2021-2023 жылдарға арналған "Ата-ана, Мектеп және Дарынды бала" тақырыбында біріккен кешенді жобасы қолға алынды. Аталған жоба бағытында сақтық шараларын сақтай отырып, 6"в",6"ғ",6"д", 7"к",7"е",7"д", 8"г",8"ғ",8"д" сыныптарына ата-аналар жиналысы өткізілмек.
Жобаның мақсаты ЖОО және мектебіміздің білікті мамандарымен қоғамдастықта өзара әрекеттесуі нәтижесінде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру. Жоба барысында оқушылар математика, информатика, биология, химия, физика және ағылшын тілі пәндерінен мектеп оқушылары ЖОО деңгейінде қосымша білім алады,кәсіптік бағдары қалыптасады,пәнге деген қызығушылығы мен ғылыми танымдылығы артады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *