Skip to content

⚡️ Мектептегі білімнің сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі RCEC халықаралық сапа…

⚡️ Мектептегі білімнің сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі RCEC халықаралық сапа белгісін алды

🌐 Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу ұлттық құралы (ББЖМ) халықаралық аккредитациядан өтті. Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Халықаралық сараптама және сертификаттау ғылыми-зерттеу орталығының (RCEC) директоры Арнольд Брауердің кездесуі өтті.

📚 ББЖМ – оқушылардың білім сапасын, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын (МЖМБС) меңгеру деңгейін айқындайтын ұлттық құрал болып табылады. 2023-2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ББЖМ халықаралық аккредиттеу процесіне бастамашылық етті.

📁 Ғани Бейсембаевтың айтуынша, ББЖМ ұлттық құралының халықаралық аккредитациядан өтуі оның сенімділігін, шынайылығын және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растайды. ББЖМ-нің барлық кезеңдері мен процедуралары PISA, TIMSS және PIRLS сияқты белгілі зерттеулерде қолданылатын ғылыми тәсілдерге негізделген.

«Қазақстан білім сапасын арттыру жолында сенімді қадамдар жасауда. ББЖМ-нің халықаралық танылуы – озық тәсілдер мен стандарттарды енгізуге бағытталған бағдарымыздың дұрыстығын дәлелдейді. Біз уақыттың сын-қатерлеріне төтеп бере алатын және жаһандық білім беру қауымдастығына сәтті интеграциялануға қабілетті жүйе құрудамыз. Бұл жетістік білім сапасын одан әрі арттыруда маңызды кезең болатынына сенімдіміз», – деді министр.

📊 Халықаралық сараптама және сертификаттау ғылыми-зерттеу орталығының (RCEC) директоры Арнольд Брауер атап өткендей, Қазақстанның ұлттық бағалау жүйесі Орталық Азия аймағындағы бірлескен бағалау жобаларының негізі немесе бір бөлігі бола алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *