Skip to content

Мұнайлы АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі Ювеналды полиция бөлімшесінің аға…

Мұнайлы АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі Ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Ж.Сарбасова, Мұнайлы АПБ ЖПҚб ЮПТ инспекторы полиция капитаны М.Онгабаев, аудандық аға психолог Г. Жамалова және аудандық білім бөлімінің маманы Ш.Жасанованың және мектеп психологы А.Муратбаеваның қатысуымен 7-8 сынып оқушыларына қылмыстық құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайлар, буллинг, кибербуллинг, сабақтан себепсіз қалудың алдын алу және жолда жүру ережелерін сақтау мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында кәмелетке толмағандарға тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, Қазақстан Республикасында «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2024-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» жүзеге асырылуы жайында баяндалып өтті.

#біртұтас_тәрбие
#біртұтасТәрбие
@munaily_bilim
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *