Мұнайлы ауданы
“№12 жалпы білім беретін мектеп” КММ бірқатар ұстаздары Мұғалімдер мерекесіне орай, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың атынан Еліміздің білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформалардың табыстары мен жетістіктеріне, білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Көп жыл ұстаздық жолында өткен уақыт ішінде еңбектерінің еленіп, осындай мәртебелі Алғысқа ие болу біз үшін үлкен бақыт. Бұл жетістік әріптестеріміздің адал еңбегінің, білім мен тәрбиені дамыту жолындағы күш-жігерінің нәтижесі.
Білім ордасында алдағы уақытта өз ізін қалдыруға әріптестеріміздің сенімі мол. Бұл марапат — біріне үлгі, біріне қолдау, енді біріне қызығушылық туғызатын үлкен күш.
Біздің бірге атқарып жатқан еңбегіміз білімді ұрпақ тәрбиелеуге, еліміздің болашағын жарқын етуге бағытталған.
Әрдайым білім мен тәрбиенің биік шыңдарын бағындыруға бірге ұмтылатындығымызға сенеміз! Марапат жалғасын таба берсін!
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@munaily_bilim

