Сәлеметсіздерме☺️Менің аты-жөнім Тоқымбетова Мөлдір Алпамысқызы. 12 жалпы білім беру орта мектебінің алтыншы түлегімін.🎓Осы оқу жылы біз үшін ең маңызды жыл, алайда елдегі пандемияға байланысты біз оқу жылының жарты бөлігін карантинде өткіздік. Алайда, бұл менің ҰБТ-ға дайындалуыма ешқандай кедергі келтірмеді, мен алдыма қойған мақсаттырыма аздан болса да, қадам басудамын. Менің ҰБТ-ға таңдау пәндерім бұл: ағылшын тілі және дүние жүзі тарихы.Таңдаған болашақ мамандығым “Ағылшын филологиясы”. Мен болашақ мамандығымды 9 сынып оқып жүргенімде таңдадым. Көбінесе бұл мамандықты аудармашы немесе мұғалім деп ойлайды, бірақ бұл мамандық жұмысы өзгеше және таңдайтын оқушы саны да аз. Негізі мамандықты таңдағанда өзіңізге жақын істі таңдаған дұрыс, ақша немесе біреу айтты екен деп емес, өзіңіздің жан рахатыңыз үшін істейтін мамадықты таңдаңыз.
Алдағы бітірушілерге сәттілік! @mtoqimbetova

