Skip to content

Таңертеңгілік серуен аясында балалар «Ақбота» саябағына барды. Табиғат аясында серуендеп,…

Таңертеңгілік серуен аясында балалар «Ақбота» саябағына барды. Табиғат аясында серуендеп, сергіту сәттері мен атракциондық ойындарға қатысты. Бұл серуен балалардың табиғатты сүюіне, бір-бірімен достық қарым-қатынаста болуына ықпал етті.
Түстен кейін «БІЛІМ QUIZ – Күш білімде!» атты танымдық сайыс ұйымдастырылды. Үлкен топтар мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен логикалық тапсырмалар арқылы өз білімдерін сынап, топтық жұмыс барысында өзара түсіністік пен зияткерлік қабілеттерін көрсетті.
Кешке кіші топтар арасында футбол ойыны өтті. Балалар спорттық шеберліктерін дамытып, салауатты өмір салтын насихаттауға қызығушылық танытты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *