«Туған өлкемді танимын!» және «Лагерь сұлтаны – 2025» күні
Бұл күні тәрбиеленушілер туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасымен жақынырақ танысты. Таңертең балалар облыстық өлкетану музейіне саяхат жасады. Сапар барысында балалар аймақтың ежелгі тарихы, тұрмысы, салт-дәстүрі мен табиғаты туралы танымдық ақпарат алды. Музейдегі экскурсия олардың таным көкжиегін кеңейтіп, тарихи құндылықтарға деген қызығушылығын арттырды.
Кешке «Лагерь сұлтаны – 2025» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа әр топтан үздік деп танылған ұлдар қатысып, спорттық шеберліктерін, зияткерлік қабілеттерін және өнерге жақындығын танытты. Әр кезеңде қатысушылар өз ой-өрісін, батылдығын, тапқырлығын көрсетті. Байқау достық атмосферада өтті, көрермендер қатысушыларды қолдап, ерекше әсер алды.
