Skip to content

✒️ Ұлттық диктант күні Бүгін мектебімізде жалпы мемлекеттік деңгейде ұйымдастырылған…

✒️ Ұлттық диктант күні

Бүгін мектебімізде жалпы мемлекеттік деңгейде ұйымдастырылған “Ұлттық диктант” өтті.
Бұл шара тіл мәдениетін дамыту, сауаттылықты арттыру, ана тіліміздің қадір-қасиетін сезіндіру мақсатында өткізілетін игі бастама.

Диктантқа мұғалімдер белсенді қатысып, өз білімдері мен сауаттылығын шыңдауға мүмкіндік алды.
Мұндай шаралар тек білім сынағы ғана емес, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудің, тілге деген құрметті арттырудың бір жолы.

📍Ана тіліміз – ұлттың жан-дүниесі.
Оны құрметтеу, қорғау, дамыту – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Ұйымдастыруға атсалысып, уақыт бөліп қатысқан барлық әріптестерге алғыс айтамыз!
Тіліміздің мәртебесі биік болсын! 🇰🇿
@munaily_bilim
@munaily_adistemelik

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *