Жаңа жыл республика төрінде
Елордада 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларға арналған «Жаңа жыл республика төрінде» республикалық шырша тойы өткен болатын. Еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам бала қатысқан шырша тойына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан мектебіміздің 4 “А” сынып оқушысы Туркпенбай Шыңғыс арнайы шақырту алып, шырша тойында Білім министрі Ғани Бисембаевтың қолынан бағалы жаңа жылдық сыйлықтар (iPad,кітаптар жинағы) алды.
Балалар үшін елорданың үздік шығармашылық ұжымдарының жүздеген әртісі мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шыңғыс жаңа жылдық шараға қатысқаны және де таңғажайып мереке үшін Алғысын білдіруде!






